Әбіл қарттың баласы

Бұл бетте «Әбіл қарттың баласы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 785
Білуші ем сұйық сақал Әбіл қартты,
Бойы сұңғақ, жүрегі әділ қартты...
Ат жақты, өткір көзді, жылы сөзді,
Тұнарған қырау қабақ, сөзі ырғақты.
Үйіне барсаң беті шырайланып,
Қайнатып, қарсы алатын, шайын тәтті.
Баяннан сол туған шал баянды етіп
Бір ұлын бізге тастап дамылдапты.
Осыдан жиырма шақты жылдай бұрын
Менімен таныстырып жырдай ұлын,
«Шомылған Сабынкөлге сәбиім», — деп,
Әбекең ұлын құшып тұрғандығын
Түбіне жүрегімнің қойғам сақтап,
Сол ұлы жырын тойлап тұрған бүгін —
Баласы Әбіл қарттың ақын Дихан,
Ержеткен Отанының жырлай гүлін...
Өстік те сыйлай біле ағаны біз,
Алға да келді бірге қарағымыз,
Өлеңнің өмірінде бірге ер жетіп,
Бір барды майданға да қадамымыз,
Ақ қанат қағаз бетін жырға бөлеп,
Жұп жазбай бір жүгірді қаламымыз.
Жырлауға жұртымыздың жақсы күнін
Жарқылдай берсін қалам жарағыңыз.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әбіл қарттың баласы өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Әбіл қарттың баласы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әбіл қарттың баласы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әбіл қарттың баласы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері