Жібере алмай неге сонша қиналамын

Бұл бетте «Жібере алмай неге сонша қиналамын» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Түйдек ойлар маза бермес,
Жалғыздықта жанға ермес.
Ойлай, ойлай, ойлар қашты,
Сол кездерім болды елес.

Мен ойлаймын өткенімді,
Шығарып салу парыз кеткенімді.
Жібере алмай неге сонша қиналамын?
Түсіне алмаймын жан дүниемді.

Түсер еске талай нәрсе,
Қызық пен өкініште.
Дауылдай соққан кезде,
Қатар тұрып шайқалады керегеде.
Сондай сезім билейді мені кейде.
Жанға батар істер баршылық қой,
Өтіп жатыр өмір де өз кезегінде.

Жабығасың көңіл түсіп осы сәтте,
Түссе келеңсіз оқиғалар есіме.
Сонда да кешіруге тырысамын,
Жүрек сыздап қоймайды ғой әсте де.
Көз алдыма келіп жатыр тізбеле,
Ашу дұшпан деген бар ғой,
Баса алмаймын өзімді мен кейде.
Үмітім де ақталмады,
Қалғандаймын жалғыз мына тіршілікте,
Жүргендеймін мен елесте.
Жеңілдім ғой мен өмірде.
Көңіл шіркін қалады екен,
Еш бір тартпай бір өзіңе.
Тұрғандаймын шешім таппай мен бірде,
Бар кінәні артамын мен өзіме.
Мүмкін менікі дұрыс емес шығар,
Деп кінәләймін мен өзімді неге, неге?
Енді бәрі татулықпен өтсе деймін,
Сыйласайық қысқа мына тірлікте.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жібере алмай неге сонша қиналамын өлеңінің авторы кім?

Гульнази Назарова — осы өлеңнің авторы.

Жібере алмай неге сонша қиналамын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жібере алмай неге сонша қиналамын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гульнази Назарова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жібере алмай неге сонша қиналамын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар