Жібере алмай неге сонша қиналамын...
Түйдек ойлар маза бермес,
Жалғыздықта жанға ермес.
Ойлай, ойлай, ойлар қашты,
Сол кездерім болды елес.
Мен ойлаймын өткенімді,
Шығарып салу парыз кеткенімді.
Жібере алмай неге сонша қиналамын?
Түсіне алмаймын жан дүниемді.
Түсер еске талай нәрсе,
Қызық пен өкініште.
Дауылдай соққан кезде,
Қатар тұрып шайқалады керегеде.
Сондай сезім билейді мені кейде.
Жанға батар істер баршылық қой,
Өтіп жатыр өмір де өз кезегінде.
Жабығасың көңіл түсіп осы сәтте,
Түссе келеңсіз оқиғалар есіме.
Сонда да кешіруге тырысамын,
Жүрек сыздап қоймайды ғой әсте де.
Көз алдыма келіп жатыр тізбеле,
Ашу дұшпан деген бар ғой,
Баса алмаймын өзімді мен кейде.
Үмітім де ақталмады,
Қалғандаймын жалғыз мына тіршілікте,
Жүргендеймін мен елесте.
Жеңілдім ғой мен өмірде.
Көңіл шіркін қалады екен,
Еш бір тартпай бір өзіңе.
Тұрғандаймын шешім таппай мен бірде,
Бар кінәні артамын мен өзіме.
Мүмкін менікі дұрыс емес шығар,
Деп кінәләймін мен өзімді неге, неге?
Енді бәрі татулықпен өтсе деймін,
Сыйласайық қысқа мына тірлікте.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі