Анау бөлмеде. 2-бөлім.
Отбасыммен бір түнді,
Бірге өткізу де біртүрлі,
Әркім келсе ұнамайды
Бұзып кетсе көңілімді.
Мұрныма иісі келгенде,
Ас үйге барып жаңылдым.
Дастарханды көргенде,
Аюдай келіп атылдым.
Қызымды кезек біртіндеп,
Ұлымды да шақырдым.
Екінші қабаттан сүркілдеп,
Түсті бір-біріне күңкілдеп.
"— Бірінші жеймін бәлішті",
деп қызым келді жүгіріп,
Ренжіді ме білмедім,
Үстелге тұрды үңіліп.
Анасы маған нұсқады,
Қабағын түйіп кел деді,
Тоңазытқышта тұрғанды,
Үстелге әкеп қой деді.
Аяғымды басып ақырын,
Тыныш қана беттедім,
Бұзбайын деп қарқынын,
Өзіме ұқсаған еркенің.
Ұлым болса ұялшақ,
Бұндайға ол күймейді,
Өсіп те қалған соншалық,
Бетімнен қазір сүймейді.
Жарығын қосып жаққанда,
Тез-тез келдім өкшелеп,
Тоңазытқышты ашқанда,
Өрмекшілер жүр өрмелеп.
Шірігендей шыбындар мен
Құрт-құмырсқа мекендеп,
Қоңызбенен шіркейден,
Табақтағы бөлек ет,
Пицца әкелген жігіттің,
Басы жатыр дөңгелек.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі