Мезгіл – Есбол Бозан Өтежанұлы

Бұл бетте «Мезгіл» атты Есбол Бозан Өтежанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көктем келді далаңа,
Еріді мұздар жағада.
Берілген өмір бір көктеу,
Сондықтан оны бағала.

Далаңа сенің жаз келді,
Айнала тегіс мәз болды.
Бірақ ол да уақытша,
Өткізбе босқа әр күнді.

Далаңа сенің келді күз,
Жапырақ талдан семді жүз.
Әр адам бір-бір жапырақ,
Қураймыз солай енді біз.

Далаңа келді қыс сенің,
Ыстық шай болды ішкенің.
Түбінде қарттық жетеді,
Ауызыңда сиреп тістерің.

15.05.18


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мезгіл өлеңінің авторы кім?

Есбол Бозан Өтежанұлы — осы өлеңнің авторы.

Мезгіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мезгіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есбол Бозан Өтежанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мезгіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері