Жан сырым
Жаралы жүрек, құлазып көңіл барады,
Қараңғы түнек, жоғалып жатыр бояуы.
Өмір мәні кеткендей боп жанымнан,
Жүрек шіркін сағынып кеп жылады.
Аңғармадым, үлгермедім қоштасып,
Құлазыдым, күндіз – түні ойға алып.
Қимай, қимай жібердім мен мәңгілік,
Бойымдағы тұнған мұңға салынып.
Алла деген әкетеді құлдарын,
Қарсы тұрар пенде барма бұлданып.
Жанып жатыр ішімдегі сезімім,
Күйіп барам сол сезімге булығып.
Қайтара алмас уақытты ешбір адам,
Уақыт емші бола алар ма күйген жанға?!
Жаным от боп жанған кезде, құлазығанда,
Таппай қалдым жанымнан ешбір адам .
Бәрі өтпелі, бәрі өтер бұл жалғанда,
Өткенше ширап кетер жан паршаңда.
Бәрі сынақ қабылдай білу керек,
Әлсіздерге орын жоқ бұл ғаламда.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі