Тілге құрмет – Гульнази Назарова

Бұл бетте «Тілге құрмет» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мен шет тілдері маманымын,
Бәрін білген өзге тілдің.
Өз тілімді құрметтеп,
Насихаттаушының мен бірімін.

Ағылышын мен француздың тілін білген,
Түйгенімде көп өмірден.
Жақсылығын дәріптеп,
Жастарға жаманнан аулақ бол деп жүрген.
Айтамын істерді көзбен көрген.
Білімді мыңды жығар деп бағыт берген.


Әр ұлттың бар ерекшелігі,
Алу керек өзіңе керекті.
Адалдық пен адамгершілік,
Ең жоғарғысы өмірдегі.

Француз тілі әдемі,
Билеген ерте заманда-ақ әлемді.
Париж, француз духиы,
Әйелдердің болған арманы.
Талай джентельмен адасып,
Тайдырған жолдан әдейі.


Дүние жүзілік тіл ағылшын,
Осы тілде сөйлейді -ау бүкіл әлемің.
Болсын деймін бәсекеге қабілетті.
Өсіп жатқан әрбір менің ұрпағым.
Атақ та, абырой да болса деймін,
Бір өзіңде жалындаған жастарым.

Жаса менің қазағым,
Көрме өмірдің азабын.
Мақтанайық сендермен,
Біліммен жеңіп барлығын.

Халқың берсін бағасын,
Білгің деймін ақ пен қара арасын.
Елімді дамытам деген мақсат,
Жауласын әрбір жанның санасын,


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тілге құрмет өлеңінің авторы кім?

Гульнази Назарова — осы өлеңнің авторы.

Тілге құрмет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тілге құрмет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гульнази Назарова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тілге құрмет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар