Санаға ек, арманың – Serikkozha66

Бұл бетте «Санаға ек, арманың» атты Serikkozha66 жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Пендеге тән ауытқу олай былай.
Бір бағыт ұстай алмай жануардай.
Санасын ,ұсынған Алла ғажап сыйды.
Жатары һақ ретімен пайдаланбай.

Асау тұлпар мысалға келтірейін.
Қасиеті тәніне жеңдірмейтін.
Тұлғасы жануар болғанымен.
Сезім мөлдір сыр сан алуан біз білмейтін.

Сананы сезінудің жөні бөлек.
Артында талайлардың қалды дерек.
Тарихы бар адамзаттың оған мысал.
Атар таңға сенімменен қарау керек.

Атар таң- ол да тарих артта қалар.
Сондықтан да шапағатын бағалаңдар.
Қадірін сезіп, қарсы ала алсаң "таң намаз" - бен.
Асқақ арман ретімен орындалар.

"Денсаулық" - кепілі ертеңіңнің.
Жан тәніңді арманыңа ерте білгін.
Сая бақ санаң, не ексең соны жерсің.
Пенделер "саябаққа" арман ексін.

17.12.2015.


Пікірлер (1)

Сәкен

"Денсаулық" - кепілі ертеңіңнің.
Жан тәніңді арманыңа ерте білгін.
Сая бақ санаң, не ексең соны жерсің.
Пенделер "саябаққа" арман ексін. !!!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Санаға ек, арманың өлеңінің авторы кім?

Serikkozha66 — осы өлеңнің авторы.

Санаға ек, арманың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Санаға ек, арманың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Serikkozha66 өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Санаға ек, арманың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар