Муза – Есбол Бозан Өтежанұлы

Бұл бетте «Муза» атты Есбол Бозан Өтежанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Өзіңсіз көкейге тұнар мұң,
Дауысыңды естуге құмармын.

Құштармын жүзіңді көруге,
Дайынмын сен үшін өлуге!

Мүмкін мен жынданған шығармын!

Ұнаттым өзіңді, пендемін,
Келмей ме жүректі емдегің?

Құбылам сәт сайын сынаптай,
Сезімім жатқан соң шыдатпай.

Сағынышыма айналдың сен менің!

Түсінші ахуалды мендегі,
Дәл бұлай жыр жазғым келмеді.

Барады көкірегім тым күйіп,
Қалдым мен өзіңді шын сүйіп.

Ол үшін сөкпеші сен мені!

Бәріне шыдаймын төзіммен,
Оқышы сезімді көзімнен.

Елемей дүниенің тарлығын,
Түбінде айтамын барлығын!

Қалғанда оңаша өзіңмен!


19.12.22


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Муза өлеңінің авторы кім?

Есбол Бозан Өтежанұлы — осы өлеңнің авторы.

Муза өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Муза өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есбол Бозан Өтежанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Муза өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері