Өлең, жыр, ақындар

Қызғанамын

Қызғанамын,
Қызғанғаным соншалық,
Лапылдап шексіз жанамын,
Ащы күйік кеудемде,
Шектен шығып барамын.
Қызғаныштан күйініп,
Терең ойға шабамын.
Сезімімді ұға алмай,
Бейшара күй шақтамын.
Қызғанамын,
Қызғанғаным соншалық,
Ашулыққа тартамын.
Өксігімді баса алмай,
Қараңғыда қатамын.
Жүрегімді бөлшектеп,
Жансыздыққа шашамын.
Сын сағатқа шыдамай,
Өзімнен өзім қашамын.
Қызғанамын,
Қызғанғаным соншалық,
Барабардан тасамын.
Алмас қылыш, қанжардай,
Жауыздықтан асамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Анамның саясында ер жетіп ем

  • 0
  • 0

Анамның саясында ер жетіп ем,
Аяулы ақ бесікте тербетілген.
Анаңдай ақ жаулықты асыл жанды,
Таппайсың айналсаң да жер бетінен.

Толық

Жалған айтып, өзіңді алдап едің

  • 0
  • 0

Жалған айтып, өзіңді алдап едің,
Өтірікті шындыққа жалғап едің.
Басқаның мазаласа арбаулары,
Адалдыққа, шындыққа қас деп едің.

Толық

Ең алдымен өзіңе күн тәртіп бер

  • 0
  • 0

Ең алдымен өзіңе тәрбие бер,
Одан соң жан-жағыңнан үйрене бер.
Жақсының істерінен үлгі алып,
Өмірден жақсылықты іздене бер.

Толық

Қарап көріңіз