Өлең, жыр, ақындар

Зымыраған уақыттар өтіп жатыр

Зымыраған уақыттар өтіп жатыр,
Адамдық дүние үшін өліп жатыр.
Байлық, мансап, рақатты қуамын деп,
Көрге де дайындықсыз кетіп жатыр.

Адамдарым қадірлең бар уақытты,
Адал жолдан айнымаң әділетті.
Игілікке ашыққан көк бөрідей,
Жақсылықтан тарықпаң қасиетті.

Бөлмейік Қазағымды шежіреге,
Намыс, мүдде, тектілік өлді неге?
Безсеңдер ұятсызбен арсыздан,
Жетер-ау ақыретің бір мезетте.



Пікірлер (1)

Гаухар

Зымыраған уақыттар өтіп жатыр – қазіргі заманның шындығын көрсететін өмірлік өлең екен.

Пікір қалдырыңыз

Қу тіземді құшақтадым

  • 0
  • 0

Құшақтасың,
Аймалап құлаштадым,
Махаббаттың,
Өшпестей отында едім.

Толық

Білесің бе тегім кім мына менің

  • 0
  • 0

Білесің бе тегім кім мына менің?
Мен Адаймын ардақты менің тегім.
Бөлініп жатқаным жоқ қазағымнан,
Тек тегімді айтайын деген едім.

Толық

Білім атты ұлағатты сөзің бар

  • 0
  • 0

Білім атты ұлағатты сөзің бар,
Білмей жатып сөйлемеген ақыл бар.
Атақ сақтап жүзділікпен жүруді,
Жібермейді жүректегі намыс-ар

Толық