Ақ жаңбыр жауғанда
Бұл бетте «Ақ жаңбыр жауғанда» атты Кәкімбек Салықов жазған табиғат туралы өлең берілген.
-
admin
- 17.12.2024
- 0
- 0
- 1054
Сүюші ем өзіңді
Аңсарым ауғанда.
Күн шалып көзіңді,
Ақ жаңбыр жауғанда.
Бір хабар сен жақтан
Көп жылдар жетпейді.
Бал-шырын мен татқан
Есімнен кетпейді.
Көктемде бір жүрген
Жадымда жол ізі.
Қаларын кім білген
Қолымда қол ізі?
Алғашқы сөзіңді
Сақтауға жетікпін.
Қоштасқан кезімде
Ұмытып кетіппін.
Сағыныш үйесің,
Жүрекке от толып.
Кей-кейде тиесің
Кеудеме оқ болып.
Кетеді тіл шығып
Аңсарым ауғанда.
Аспанда күн шығып,
Ақ жаңбыр жауғанда.
2003
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі