Бастау

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 06.01.2023
  • 0
  • 0
  • 696
Кеңес Одағының батыры, академик Мəлік Ғабдуллинге арнаймын

«Бірғыздың» қалың қамысы
Уілдеп әнге салады.
Қарауытып салқын тау іші
Желтаудың баурын шолады.
Сықырлап табан темірі,
Желеді борт-борт шаналы.
Жолаушы қарттың серігі
Балғын жас – ойлы жанары.
Ақыл мен өрті тұтасқан
Қой көздер ондай сирек-ау.
Шолпаны жанған сүт аспан
Жол болсын деуді білмеді-ау!
Қараңғы таңда жосылған
Көрмеді-ау ешкім шана ізін.
Ұға алмай қалды-ау тосыннан
Жұлдызы сөнбес таң азын.
Әшейін жай бір күн деппіз
Сағызын созған баяғы.
Басталған таңды білмеппіз
Батырдың өмірбаяны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бастау өлеңінің авторы кім?

Қорғанбек Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Бастау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бастау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қорғанбек Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бастау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері