Салық Зиманов

Бұл бетте «Салық Зиманов» атты Қорғанбек Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.01.2023
  • 0
  • 0
  • 967
Түлеген Тайсойғаннан тума дарын,
Дарияға айналдырған жылғаларын,
Ағаға академик бас иеміз
Ғылымның алып болған мың қамалын.
Ақылдың озып туған алыбысыз,
Ғылымның шын ғұлама дарынысыз.
Зиманов заман сөзін толғағанда –
Зиялы бар қауымның қазығысыз.
Биіндей баяғының жосыласыз,
Алаштың абызындай асыл жансыз.
Әлихан, Ахмет, Әлкей, Қаныштардай
Тобына алыптардың қосыласыз.
Асылдан тұяқ болып қалғаны – сіз,
Ғылымда шырақ болып жанғаны – сіз.
Даланың даналығын ұлықтаған
Заң мен замананың заңғарысыз.
Ұлттың да намыс-арын жібермейсіз,
Елдіктің шаңырағына тіреудейсіз.
Адами қасиетпен, абзал аға,
Алашқа ақ баталы тілеудейсіз.
Әрқашан жүгінетін арға ғана,
Беретін әділдікпен барға баға.
Тұғырың тоқсандағы берік болып,
Жасай бер Алатаудай заңғар аға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Салық Зиманов өлеңінің авторы кім?

Қорғанбек Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Салық Зиманов өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Салық Зиманов өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қорғанбек Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Салық Зиманов өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері