Артығали

Бұл бетте «Артығали» атты Қорғанбек Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.01.2023
  • 0
  • 0
  • 688
Шүйкімдей дене шүмектей терге малшына,
Шулы өзеннің үстінен өтті таң шыға.
Қара жер шетін таба алмай талып келеді,
Қара жер бетін көрместей болған қаршыға.
Артығали Ыбыраев

Ақтық әлди, ақтық әлди...
Артығали, Артығали...
Қаршыға жыр қанатында
Кештің талай шалқыма күй.
Сарысуды сылқым деуші ең,
Сағынышқа іркілмеуші ең.
Асау ағыс толқынында
Арман болып бүлкілдеуші ең.
Бұлықсыған жан-жүрегің,
Буырқанған ән-жыр едің.
Бүйіріңде бүлкілдеген
Арманыңдай таң гүлі едің.
Бұла күшпен бұлқына алған,
Сәуір-самал сылқым арман,
Аңқа кебе аңсаттырып,
Тұрып алды-ау, шіркін, алдан!
Салқар дүние сәулелерін,
Сағымданған әурелерін
Тал бойыңа толтырғандай
Керемет бір дәурен едің.
Жарқылдады жаныңда жыр,
Жайнап тұрды бағыңда гүл.
Абайламай қалдық па біз,
Айналдың ба сағымға бір?
Жүрегіңнің шалқымасы –
Еді-ау нағыз ар тұмасы.
Жетпей қалды-ау жер шетіне
Жырдың ұшқыр қаршығасы!
Қайран бар ма қақпаншыға,
Тағдыр атты көкпаршыға...
Тас боп жерге құлдилаған
Көз алдымда – көк қаршыға...
Қайран бар ма қақпаншыға,
Тағдыр атты көкпаршыға?!
Көз алдымда – Артығали,
Көз алдымда – көк қаршыға...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Артығали өлеңінің авторы кім?

Қорғанбек Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Артығали өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Артығали өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қорғанбек Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Артығали өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері