Ақынның бауыры

Бұл бетте «Ақынның бауыры» атты Қорғанбек Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.01.2023
  • 0
  • 0
  • 754
Ғазиз аға Есмұқанұлына

Бойкүйез тартып бейуақыт,
Білмеппін, аға, сырыңды.
Ілтифатымды аңдатып,
Арнайын саған жырымды.
Бауырың ақын болыпты-ау,
Сыр-ағаң барып сырласқан.
(Ақын Сырбай Мəуленов.)
Кеудеге күйі толыпты-ау,
Көзінде жайнап нұрлы аспан.
Анасын шерге батырып,
Арманда кеткен сол ақын.
Бұрқанған шабыт сапырып,
Ғажайып жүрек болатын.
Сағынып сол бір бауырды,
Басыпсың сезім пернесін.
Күңірентіп іште дауылды,
Ақындар қыршын өлмесін.
Кеудеңнен жарық күн шығып,
Болдың да елдің ардағы,
Өлмесін, дедің, тұншығып,
Бейсенбай ақын арманы.
Ақынның жыры өлмесін,
Ақынның күні сөнбесін,
Ақынның сөзі өлмесін,
Ақынның нұры сөнбесін!
Серт етіп солай дедің де,
Түзедің тұлпар шабысты.
Халқымен мына өмірде
Бейсенбай ақын қауышты.
Кітабы шығып таралып,
Ауылды кетті аралап.
Киелі бейне тәбәрік,
Есілдің бойын жағалап.
Қызылжар қала қайталап,
Бейсенбай ақын жырларын,
Аспаннан ғашық ай қарап,
Шалқыта төкті нұрларын.
Елімен сөзі табысса,
Ескерткіш сол ғой ақынға.
Дәнекер жырын дарытса,
Алысы менен жақынға.
Ақынның жолын жалғаған –
Тастамас әсте бақ сені.
Періште жырды қорғаған
Жүрегің неткен жақсы еді!
Бейсенбай бауыр ақынның
Өлеңін қайта тірілткен,
Айналдым мұндай ерліктен,
Айналдым мұндай іріліктен!
Пейілің нұрдай таза екен,
Көңілімді соған мәз етем.
Бейсенбай-жырдың аруағы
Қолдасын, асыл Ғазекем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақынның бауыры өлеңінің авторы кім?

Қорғанбек Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Ақынның бауыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақынның бауыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қорғанбек Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақынның бауыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері