Аққан қандай құдірет тамыр бойлап – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Аққан қандай құдірет тамыр бойлап» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.01.2023
  • 0
  • 0
  • 736
Аққан қандай құдірет тамыр бойлап,
Қандай күш ақыл-ессіз еркіңді алған.
Оңаша отырамын Тәңірді ойлап,
Домбыраның үніне сертін жазған.
Сүйе ме осыншама сөзді де адам?
Тұңғиық күшке бұрып тұмса жүзін.
Арылған ой қылмыстан,
Көз күнәдан,
Теңдессіз бұл тағзым.
Тап-таза табиғаты...
Сүре жаттап,
Тартпайтын түсініксіз тілі жүдеу...
Кінәсіз асылдарым жүрегі әппақ,
Жұмаққа тірі кірер.
Сірә не, о бастағы бізге аманат,
Аққан қандай құдірет тамыр бойлап.
Періште сүйінетін жүзге қарап,
Оңаша отырамын Тәңірді ойлап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері