Шаршаудың азабын – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Шаршаудың азабын» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.01.2023
  • 0
  • 0
  • 752
Шаршаудың азабын,
Торығу дертінде,
Елемес болдым ба шынымен бертінде.
Еркіне ешкім де бағынбас ертеден,
Еркіндік болғанмен ақынның еркінде.
Жаныңды тербемес айтарға көп қой ән,
Мендегі ұлы арман - ер болсаң, көкте оян.
Өзіңе жауланып қалғанымды ұмытып,
Алжасып жаныңды жаулаймын деп қоям.
Адасқан жандарға жасайды Ай үкім,
Нашарлап кеткендей ерліктің жәйі тым.
Нишапур жерінде қап қалған сияқты,
Қайсы бір өлеңге жерленіп мәйітім.
Адамға айтқаннан азапкер ар мұңын,
Өлеңмен шешейік шәйірдің тағдырын.
Барлығын сатуға болады, әрине,
Тек сатып алуға болмайды барлығын.
Қанатын сабалап жаралы қарға түн,
Жылайды күздей мәрт налалы жарлы ақын.
Кешуге міндетті емессің сен мені,
Ал, менің күнәмді кеш деуге бар хақым!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаршаудың азабын өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Шаршаудың азабын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шаршаудың азабын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шаршаудың азабын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері