Көктем маған қыста келген – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Көктем маған қыста келген» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 16.01.2023
  • 0
  • 0
  • 949
Көктем маған қыста келген,
Жазға тағы жүзім жат.
Жырларымды құсқа берген,
Күбірлейді күз ұрлап.
Алды алдамшы, арты уайым,
Түбі бәрі кірлейді.
Ауылдағы жалқы қайың,
Жүдеп, күтіп тұр дейді.
Даласынан сері кеткен,
Ескі түнде түсі әппақ.
Шашын жайып пері көктем,
Көп жылапты құшақтап.
Бақсы біткен бір тойлапты,
 
Мырза мұрты майланып.
Көсе жырау бұлт айдапты,
Қалпағына ай қонып...
Күй толғапты...
Көңіл қаңғып,
Сабыр, тағат таусылған.
Құшағымда өмір қалғып,
Селт етемін даусымнан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем маған қыста келген өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Көктем маған қыста келген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем маған қыста келген өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем маған қыста келген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері