Шеше – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Шеше» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.01.2023
  • 0
  • 0
  • 1079
Шеше,
Ұлың ем зор бағы,
Көзіне күн сайын түнеп шық,
Сен жайлы ойласам болғаны,
Кептеле қалады бір өксік.
Тағдыр ма?
Тағдыр ол қабағы
Қаталдау,
Қартайған кісі ғой.
Мың жерден мұң болып жанады,
Мың түрлі кіріп ап ішіме ой.
Тілегің тамыздық нұры әппақ,
Ошақтың отына мен жаққан.
Тірліктің дәмі бар бір аптап,
Тонардың нанында сен жапқан.
Десем де барлығын арнайын,
Тек маған арналған қандай бақ?!
Ұлыңа бересің әрдайым,
Наныңа жағып ап балқаймақ.
Шеше, аман болыңыз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шеше өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Шеше өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шеше өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Шеше өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері