Өзіңсіз – Есбол Бозан Өтежанұлы

Бұл бетте «Өзіңсіз» атты Есбол Бозан Өтежанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бір күнім өтсе өзіңсіз,
Сезінем өзімді көңілсіз.
Жан едім неткен төзімсіз,
Сөзімді ұқшы тек үнсіз.

Өзіңсіз бір күн расында,
Татиды ширек ғасырға.
Жарқ етем ұқсап жасынға,
Болмасам бір сәт қасыңда.

Қызғанып сені өзгеден,
Шығарып салам көзбенен.
Ауыратын бірақ өз денем,
Жеткізем қалай сөзбенен?!

Жабыққан жүрек күйге енді,
Жаным да бұған үйренді.
Қалсам да ауырып кейде енді,
Аңсаймын бәрібір бейнеңді.

25.12.22


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзіңсіз өлеңінің авторы кім?

Есбол Бозан Өтежанұлы — осы өлеңнің авторы.

Өзіңсіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзіңсіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есбол Бозан Өтежанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзіңсіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері