“Амал дос”
Барлық адам өзім сияқты болмайды екен
Бетіңе күліп қарап алдайды екен.
Жаныңда адал болып жүргенменен,
Артыңнан сөздер айтып қорлайды екен.
Түсінгенім бұл өмірде бар небір адам,
Әдиі құлатуға дайын болған.
Бетіңе күліп қана қарағанмен,
Артыңнан пышақ ұрып ол қуанған!
Ешкімге сенбеуді үйретті мына жалған,
Сен құласаң,қуанады жақын адам.
Жан сырыңды айтасың сеніп оған
Ертесіне біледі бүкіл адам.
Өмір деген мынау бір қу жалғанда,
Ашылып сеніп болмас тірі жанға.
Тек өзіңе сене ғой күшің барда,
Алға қарай ұмтыл сен еш мұңайма.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі