Өлең, жыр, ақындар

Қиналамын көрмесем

Қалды бақыт болып,
Кетті жақұт болып.
Солдыма, солмадыма,
Гүл болып.

Сағындым нұр шашқан,
Шаттық нұр ашқан,
Қарап кейде,
Ұялып көз жүгірте қашқан.

Қасыңда бір болмасам,
Қиналамын.
Саған қарай асығып,
Жиналамын.
Бәрібір алыс қалып,
Сыналамын.

Әттең аялап өткенімбе,
Соңына дейін жеткенімбе.
Қамқор болғым келеді мәңгілікке,
Сөзсіз кеткенімбе.
Аманатын сезінгім келеді қиянатсыз.
Жауапсыз еткенімбе.

Есімнен айрыла,
Қиналамын көрмесем.
Шыдамым таусылады,
Назарымды бөлмесем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз