Ауылға бара жатырмын сағынышпен – Гульнази Назарова

Бұл бетте «Ауылға бара жатырмын сағынышпен» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ауылға бара жатырмын сағынышпен,
Ауыл деген ғажап қой неткен.
Кіндік қаның тамған жер,
Ұмытылмас әсте естен.

Балалық шақ бал -дәурен,
Сағым қуған сол бір кез елес пе екен?
Жүгіремін, жетсем деп сол шақтарға,
Дәрменсізбін, қолдан келер шара бар ма?

Асығамын ауылыма жетуге,
Сияқты ғой ауыл алыстап кеткен бе ?
Туған жерім құдіретті,
Саған деген сүйіспеншілік ерекше,


Неге сонша алып-ұшам түсінбедім,
Мені кім бар түсінетін?
Ауылым - алтын бесігім.
Қиялменен мен де жетемін,



Қызыңмын ғой үміт еткен,
Кездесулер бола берсін көптен күткен.
Білмеймін сеніміңді ақтадым ба?
Шексіз ғой махаббатым саған деген.


Кейбіреулер жасырады ауылдан екенін,
Ауылым - құт мекенім.
Мақтанамын кеудемді мен кере,
Ауылым менің құт -қойнауым береке.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауылға бара жатырмын сағынышпен өлеңінің авторы кім?

Гульнази Назарова — осы өлеңнің авторы.

Ауылға бара жатырмын сағынышпен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауылға бара жатырмын сағынышпен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гульнази Назарова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауылға бара жатырмын сағынышпен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар