Ақ-әдемім – Ержан Қабышұлы Қабанбай

Бұл бетте «Ақ-әдемім» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ақ-әдемім

Жүрегімді ауыртып Аға дедің,
Айырылды сол сәтте қақ әлемім.
Қимасам да амал жоқ, қиналсам да,
Қарындас - деп айтқыздың ақ-әдемім.

Бата алмадым көзіңе қарай алмай,
Бір ауыз сөз айтуға жарай алмай,
Әй бір күйін кештім ғой есалаңның,
Астан-кестен жан-дүнием айналғандай.

Ақ-әдемім қалайша Аға дедің?
Мен сені жүрегіммен қалап едім.
Қарындас деп айтамын енді қалай?
Бағыма балап едім, балап едім.

Маған не жоқ, не теңім бұ ғашықтық?
Ақ-әдемім – Ағалап неге асықтың?
Пәк көңліңмен жүзіме қарамашы,
Онсыз да қаным тулап, мұң басып тұр.

Мүмкін бақсың әдемім бұйырмаған?
Сезім кетті сағымдай құйындаған.
Жеті қатқа жасырған ынтызарлық
Естелікке қалдырған сыйың маған.

Ержан Қабышұлы - Bura Naiman


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ-әдемім өлеңінің авторы кім?

Ержан Қабышұлы Қабанбай — осы өлеңнің авторы.

Ақ-әдемім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ-әдемім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ержан Қабышұлы Қабанбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ-әдемім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар