Ардагер – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Ардагер» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.01.2016
  • 0
  • 0
  • 3070
Сынар болса морт сынар шынар деген,
Тұрар болса және тік тұрар дене,
Өткір сынмен бастықты сойып салды.
Бір жиында сөз алып
Бір Ардагер.
Бұлтартпайтын шындықты.
Рас бәрі,(Түнергенмен басекең сыр ашпады)
Өзіме деп бәрінде алдырыпты,
Жеткен жерден
Созғанда құлаштары...
Рас бәрі, япыр-ау, рас бәрі.
Көп қамы емес
Өз қамы ойлағаны,
Әйелінсіз асыл зат қоймадағы,
Шықпайды екен,
Өзгеге жетпейді екен,
Құлқынының белгілі тоймағаны.
Істелген іс деп білем еріккеннен,
Заманымнан садаға көріктелген.
Сонау соғыс кезінде менің шешем,
Үзім нанын көршіге бөліп берген.
Ал бұлар керіседі хрустальға,
Қоймадан қойма қоймай зеріккеннен.
Деп Ардагер сыбады,
Сыбады-ай кеп,
Қос жанары от шашып шырадай боп.
– Кешір, – деді ал бастық, – кешіріңіз.
Ойламап ем айтар деп, мынадай көп.
Тәлімі мол осындай жақсы ортаның,
Шығардыңыз терімнің ақ сортағын.
Жарым алған шет елдік гарнитурды,
Ертең қайта қоймаға тапсыртамын...
Дегеннен соң бастығы «қыңыр» шалым,
Мәз болғаны (көп ескен өмір салын).
Мәрт мінезді ардагер аталар-ай,
Анда-санда осылай,
Дәл осылай,
Қағып беріп тұрыңдар көңіл шаңын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ардагер өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Ардагер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ардагер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ардагер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері