Оян Қазақ – Абайбек Сырым

Бұл бетте «Оян Қазақ» атты Абайбек Сырым жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Болашағын ойласам Қазағымның.
Көңілімді жабырқау басады мұң.
Тегін білместерді тексіз деуші едік.
Тіл білместер бұл күнде қаптады шын.

Егемендік кеше ғана алған еді.
Елдік үшін алаңға барған еді.
Қазақ болып орысша сөйлеу үшін.
Қайраттар қасық жанын қыйған ба еді.

Ойлансаңшы ей қазақ,ойлансаңшы.
Кешегіні бір сəтке ойға алсаңшы.
Кеңестің кесапатты жетпіс жылын.
Аштық пен қырық бесті еске алсаңшы.

Сорлатты ғой сары орыс,сорлатты ғой.
Жақсыларын жерімнің жалмады ғой.
Əкесін құл шешесін күң жасағанның.
Тілінде сорлы ғана сөйлейді ғой.

Оян қазақ уақытың өтіп барат.
Қазақ аты біртіндеп семіп барат.
Елдігіңде есіңді жыймасаңдар.
Бүгінгі күн мүмкіндік, ертеңгі күн кеш болат.
Сондықтан оян Қазақ, ойлан Қазақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оян Қазақ өлеңінің авторы кім?

Абайбек Сырым — осы өлеңнің авторы.

Оян Қазақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оян Қазақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абайбек Сырым өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оян Қазақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар