Сенің даусың шыққанда – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Сенің даусың шыққанда» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бізге тағдыр әуелден жақсыларды қиған ба,
Артық бақыт қазақтың маңдайына сыйған ба?
Жәнібегім, қайтейін жетпеуші еді бір саған,
Жүзден озған жүйрікті мыңнан таңдап жиғанда!
Аз ғұмырда көп болды арқалаған азабың,
Сен мерт болып, деп пе едім қаралы өлең жазамын?
Бозторғайдай шырылдап шығушы едің аспанға,
Екі өкпесін зар қысып, еңіресе қазағың.
Өлді деуге өзіңді қалайша мен сенемін,
Біле алмадым жалт етіп сөнген оттың себебін.
Әнге салсаң шырқатып – тасқындаған дәрия,
Қара сөзге келгенде таудан аққан сел едің.
Арғы бабаң аруақты ән мен жырдың атасы,
Боздап туған сен едің аруананың ботасы.
Сенің даусың шыққанда кетуші еді асқақтап,
Алатаудың арқасы, Шыңғыстаудың жотасы.
Ағып түстің жұлдыздай, жанымдағы жарығым,
Қара пышақ қақ тілді жүрегімнің жарымын.
Жылағанмен жібір ме басыңдағы қара тас,
Жұтап қалдым, қайтейін, енді кімге жарыдым?...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенің даусың шыққанда өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Сенің даусың шыққанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенің даусың шыққанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенің даусың шыққанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері