Іңгәлап жатқан едің

Бұл бетте «Іңгәлап жатқан едің» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Тұрысбек Сәукетаевқа)

Іңгәлап жатқан едің жөргегіңде,
Айғайлап келдің, міне, сен де елуге.
Көп шығар алдыңда әлі көрмегенің,
Аз емес ал бірақ та көргенің де.
Жан бағып жалғыз ғана қаламменен,
Келесің аршындаған қадамменен.
Сендегі сезімнен де ыстығырақ,
Достардың махаббаты саған деген.
Білеміз көкірегіңде дарын барын,
Ешқашан ойламайсың қарын жағын.
Сенбейсің тұрсақ-тағы қанша мақтап,
Сенесің кітабыңа қалың­-қалың.
Көңілдің ақ сауытын кір шалдыртпай,
Туыңды қуанамыз тұрсаң жықпай.
Үмітсің алтын жіптей үзілмейтін,
Жігітсің ашылмайтын сыр сандықтай.
Алтайдың топырағында ата-бабаң,
Кезің көп сағыныштан қаталаған.
Түбінде жүрегіңнің жылап жатыр
Сәби күн көзден жасы боталаған.
Төгесің ақ қағазға соның бәрін,
Елеңдеп алыстағы сарынға мың.
Сен­-дағы сағым қуған мен сияқты,
Қазақсың бақытың мол, сорың қалың.
Табарсың арманыңды сол сағымнан,
Тапқандай мөлдір бұлақ саршақұмнан.
Қалғанша жер таянып, жағың түсіп,
Түспесін жүйрік қалам саусағыңнан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Іңгәлап жатқан едің өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Іңгәлап жатқан едің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Іңгәлап жатқан едің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Іңгәлап жатқан едің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері