Мінәжат

Бұл бетте «Мінәжат» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1600
Күңгірт тартқан көңілімді жарқыратшы, періштем,
Таңның алтын шапағындай тазарайын мен іштен.
Қайғырмайын, сараң тұрмыс қақсын мейлі шөміштен,
Қай мұратқа жеткізеді ессіз тойып, жеп-ішкен?
Рухымның падишасы, тұла бойың тұнған нұр,
Парасаттың мейіріміне шөлдегенде бір қандыр.
Жаным менің жаратылған сенің сиқыр сәулеңнен,
Тылсым төрін тынбай шарлап, фәни мұңын жырлап жүр.
Ұшып-қонсам кінәлама орын таппай өмірден,
Көбелекпін нәзік гүлдей өз қанатын кемірген.
Пәле-жала ұшығынан сәбиіңдей сақтай гөр,
Рахаттың бесігінде рақымыңа семірген.
Өзің ғана сырын ұғар елес қуған кезбенің,
Өлсем, көрден тұрғызатын құдіретім – сөз менің.
Ей, періштем, көрінбесең есігінен пейіштің,
Бұлдыр үміт көлеңкесі үйіреді көзге мұң...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мінәжат өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Мінәжат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мінәжат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мінәжат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері