Сілкініп ақ бүркіттей

Бұл бетте «Сілкініп ақ бүркіттей» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Әлжаппар Әбішұлына)

Тоқсанға аман­-есен келдің, аға,
Асқарға ақиықтай қондың, аға!
Ұқсаған өмірің бар керқұлаға,
Ұқсаған көңілің бар домбыраға.
Қозғасаң Сарыарқаның сағынышын,
Мәди боп мұң шағады шерлі дала!
Жасыңнан атой салып ат жалында,
Жасқанбай кірдің қанша от­-жалынға.
Сұм заман тіршіліктің көкпарында,
Сілтеді қамшысын да, шоқпарын да.
Хақың бар мақтануға, шаттануға,
Тағдырдың адаспадың шатқалында!
Құйындай өте шықты жол бермеген,
Бір ғасыр көкірегін жел кернеген.
Бірісің қияметке куәгердің,
Санасам сұрапыл жоқ сен көрмеген.
Аштықтың көзін көрдің телмеңдеген,
Қорқаудың өзін көрдің өңмеңдеген...
Тайдырмай табаныңды әділдіктен,
Көріндің биіктерден елің күткен.
Үлгің бар алыптардан алып қалған,
Арқаңды босатпайсың ауыр жүктен!
Жігіттің жігері бар қайратыңда,
Әлдебір шал емессің жанын күткен!
Өзендей тоқсан тарау тоқсан жылың,
Уақыттың тежегендей шапшаңдығын.
Ақ маржан ақтарылар жүрегіңнен,
Кеудеңнің ашып қалсаң ақ сандығын.
Шақырып жүздің шамы жарқырап тұр,
Тоқсанның терезесін қақсаң бүгін!
Аспаннан қар ұшқынын қылаулатып,
Жүзің де жетер ертең қыраулатып.
Сілкініп отырасың ақ бүркіттей,
Ғасырды жанарыңнан бір аунатып!
Бұйырсын ұрпағыңа үйірімен
Басыңа үйірілген мынау бақыт!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сілкініп ақ бүркіттей өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Сілкініп ақ бүркіттей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сілкініп ақ бүркіттей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сілкініп ақ бүркіттей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері