Тозбайтын шапан жаптым – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Тозбайтын шапан жаптым» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Өмірбек Бәйгелдіге)

Елім деп ет жүрегі елжіреген,
Жақсы аға, жаны таза мөлдіреген.
Жетпістің жотасына шықтың, міне,
Ту тігіп жеті тауға желбіреген.
Туған бір азаматсың айы оңынан,
Заманға шалдырмаған аяғынан.
Қария секілдісің келе жатқан,
Халқыңмен бірге жасап баяғыдан.
Қайтемін жіпке тізіп өткеніңді,
Талайлар қанжығаңа бөктерілді.
Кейбіреу қайдан білсін қаршадайдан
Қазақ деп қабырғаңды сөккеніңді.
Аяулы асыл аға ер көңілді,
Ешқашан ел ұмытпас еңбегіңді.
Киелі Қаратаудың аршасымен
Анашың аластаған жөргегіңді.
Тұңғиық тұнық судай тереңдеген,
Үлгісін кісіліктің сенен көрем.
Тойыңда тон мен торқа онсыз да көп,
Тозбайтын шапан жаптым өлеңменен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тозбайтын шапан жаптым өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Тозбайтын шапан жаптым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тозбайтын шапан жаптым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тозбайтын шапан жаптым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері