Ей, тағдырым!

Бұл бетте «Ей, тағдырым!» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 801
Аспанымда күнім жайнап тұрғанда,
Ей, тағдырым, тас түнерме, тұлданба!
Шаттығыңның шуағына шомылдыр,
Жаным жылап, жанарға жас тұнғанда.
Мұңын шағар мұңлық біткен тіл барда,
Құлақ қайсы оны бірақ тыңдарға?
Бозторғайды боршалаған қырғидай,
Ел-жұртымды жұлмалатпа сұмдарға.
Жүгімді артып жылжып өткен жылдарға,
Сынаптайын сырғып кетсем сын бар ма?
Орал тауын он айналып еңіреп,
Алтай тауын алты айналып тынғанда.
Жарылқарын өзі білер кімді Алла,
Құтқарарда қайғыдан да, мұңнан да.
Болмай ма екен тарыққанда бір тілек,
Құлақ кесті, қара табан құлдан да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ей, тағдырым! өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Ей, тағдырым! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ей, тағдырым! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ей, тағдырым! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері