Жасымнан соңыңа еріп

Бұл бетте «Жасымнан соңыңа еріп» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Кәдірбек Сегізбайұлына)

Жетпістің жотасына шықтың, аға,
Биікке байрағыңды тіктің, аға!
Қайыспай елдің жүгін көтереді
Нар туған өзіңіздей мықты ғана.
Бұл жалған өте шығар жортуылдай,
Қазақсың құшағың кең, қолтығың бай.
Көңіліңнен көпті сүйген айналайын,
Зайсанның тебіреніп толқынындай.
Заманға мың құбылған қарамастан,
Сүйендің қаламыңа бала жастан.
Жаз дәурен жалт­-жұлт етіп артта қалды,
Жақсымен, жаманмен де араласқан.
Сезіліп салқын тартқан күз қабағы,
Көрінді қыс қарасы бізге­-дағы.
Бетінде ақ қағаздың сайрап жатыр,
Жұрт үшін жүрегіңнің сыздағаны.
Күн нұры көкірегінен шашыраған,
Ақ көңіл аңқылдаған асыл ағам,
Қасқа атты Қамбар батыр секілдісің,
Бір өзі қырық үйді асыраған.
Халқыңнан басқа, сірә, жоқ сенерің,
Көп еді аңсағаның, көксегенің.
Түсіңе сағындырып жиі енеді
Оралхан, Кәрібайың, Ақселеуің.
Жылдардың көз жіберіп асқарына,
Қарайсың тұнжыраған аспаныңа.
Қобыздай күңіреніп мұң шағасың
Бексұлтан, Қуанышбай достарыңа!
Алтайдан мұнар басын бұлт ораған,
Ұлтына тірек болар ұл тараған.
Табанды тоздыратын тау мен таста
Тағасыз талай шапқан тұлпар ағам!
Жасымнан соңыңа еріп ағаладым,
Саяңды дауыл соқса сағаладым.
Жүйтки бер, жүзге дейін енді зулап,
Жырыммен тұяғыңды тағаладым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасымнан соңыңа еріп өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Жасымнан соңыңа еріп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасымнан соңыңа еріп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасымнан соңыңа еріп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері