Ұмыта алмаймын

Бұл бетте «Ұмыта алмаймын» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1602
Ұмыта алмаймын,
Ұмыта алмайсың, соны ұқтым.
Сен жайлы тәп-тәтті түс көріп,
Аспанға жорыттым.
Сағынып жүрсің бе, бейнемді серік қып,
Бал сәтке ынтығып, келді ме жолыққың?
Тоңыппын,
Жүректі мұз қарып...
Бар емім
Өзіңсің,
Және де тек сенің сәлемің.
Өмірде алыссың, қиялда қауышып,
Кеземіз мөп-мөлдір арманның әлемін.
Әлегін
Сезімнің түсініп,
Дәл сендей сүйе алмас мені ешкім.
Санамнан бір сәт те шықпайсың,
Ойыңнан кетпейтін елеспін.
Тәңірім о баста сыңар қып жаратқан,
Сеземін,
Сен бөтен емессің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұмыта алмаймын өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Ұмыта алмаймын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұмыта алмаймын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұмыта алмаймын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері