Налыған бала

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Бiр iс бiтсе, бiрiсi
Дайын кезек күтетiн,
Бұл адамның жұмысы
Бар ма, сəрi бiтетiн.
Қидырмаса болмыс-ты
Шашы өскен, күлкiлi.
Алдырам деп сол шашты
Кезекте өттi бiр күнi.
Бiтпейдi iсi қасқаңның,
Бiр iс күтiп тұр тағы:
Саусағы мен
Башпайдың
Өсiп кеткен тырнағы...
Əке ескерттi өзiне,
«Тырнақты ал», – деп он рет.
Шеше салды есiне,
Он реттен көбiрек.
Тырнақты алып сонша бiр
Жайбарақат жайда едi.
Алда күтiп... монша тұр,
Кiрлеп кетсе қайтедi?
Тiршiлiктiң күйбеңi
Өзiн əбден налытты.
Көрсе айнадан
Түр, реңiн,
Шаш тағы өсiп қалыпты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Налыған бала өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Налыған бала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Налыған бала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Налыған бала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері