Таңырқау – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Таңырқау» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Дөңнiң арғы жағында,
Енесiнен айырған,
Шөбi бiтiк шалғында,
Қозылар жүр жайылған.
Арасына келер де,
Жалғыз құлын қосылар.
Кiсiнесе ол егерде,
Маңырайды қозылар.
Арасына келер де,
Жалғыз бұзау қосылар.
Мөңiресе ол егерде,
Маңырайды қозылар.
Арасына келер де,
Жалғыз бота қосылар.
Боздаса ол егерде,
Маңырайды қозылар.
Арасына келер де,
Жалғыз торай қосылар.
Қорсылдаса ол егерде,
Маңырайды қозылар.
Ешқандай дау-дамайсыз,
Күндер жылжып өтедi.
Жайылады алаңсыз,
Бəрiне шөп жетедi.
Күнде өрiсте қосылар,
Жұбын жазбай оларың.
Маңыраса қозылар,
Қорсылдайды торайың.
Елең етсе төңiрек,
Боздар бота үнi ол.
Қояр бұзау мөңiреп,
Кiсiнесе – құлын ол.
Мұндай шалғын табылмас,
Жайылса олар күнiмен.
Ешқашанда жаңылмас
Бар төлдер өз үнiнен.
Маңыраса қозылар,
Көп деп мұнда осылар,
Болса бəрi қосылар,
Болар едiң тосылар.
Құлын,
Бұзау,
Торай да,
Бота тұрса маңырап,
Шын масқара болар да,
Таңырқар ек аңырап.
Барлық төлдер өз үнiн
Ұмытқанды сүймейдi.
Ал кей бала өз тiлiн,
Көрiп жүрмiз, бiлмейдi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таңырқау өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Таңырқау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таңырқау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таңырқау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері