Өлең, жыр, ақындар

Жаман тымақ

  • 12.01.2016
  • 1
  • 1
  • 18769
Ертегіде бір кедей,
Қара қасқа қу кедей.
Қатыны бар қаншырдай,
Үш ұлы бар қамшыдай.
Жауыр күрең — керігі,
Жалғыз сиыр — қорегі.
Келді бір күн ауылпай,
Үй жығатын дауылдай.
«Дереу алым тап!» — дейді,
«Күй мөшкеңді сат!» дейді.
Кедейге қамшы басады,
Сиырын айдай қашады.
Сорлы кедец қалбаңдап,
Жаман тымақ жалбандап
Ақсақалға келеді,
Иіліп сәлем береді.
«Мен қайтем?» деп, ақсақал
Алақанын кереді.
Сорлы кедей қалбандап
Жаман тымақ, жалбаңдап.
Болысқа да келеді Иіліп сәлем береді.
«Ақ патшанын раматын
Бермей, мұнда шабатын.
Неткен тентек немесің?
Бер дегенін бересін!»
Сорлы кедей қалбандап,
Жаман тымақ жалбандап,
Молдаға да келеді
Иіліп сәлем береді.
Кітап ұстап молдасы,
Қазандай боп сәлдесі.
О да ақырды кедейге,
«Бер деп айтса, бересің»
Сорлы кедей қалбандап,
Жаман тымақ жалбаңдап.
Байдікіне келеді,
Иіліп сәлем береді.
«Етек-женің кең еді.-
Бір сенгенім — сен еді...
Несиеге он сом бер...»
Кебеже қарын кекірді,
Қарнын сипап лепірді.
«Ортан қолдай бес бұзау,
Жыл шығарып бересін?..»
Кедей сорлы қалбаңдап,
Жаман тымақ жалбаңдап,
«Нашандікке» келеді,
Қенсеге әрең кіреді,
Кенседе төре тұр еді,
Тымақшанды көреді:
«Малақай!» — деп бақ етті,
Тымақ бастан топ етті.
Тымақ қолда тұтылды
Кедей қашып құтылды.
Жаман тымақ бүрісіп,
Құлақтары құрысып,
Көп қағаздың ішінде
Жатушы еді құнысып.
Күндерде бір күн бір тілмаш,
Қужандаған қу тілмаш.
Қағаздарын ақтарды
Тымақты тысқа лақтырды.
Жаман тымақ жалып етті,
Құлақтары салып етті.
Көшеде жүрген бір ақ ит
Тымақты тістеп ап кетті.
Бір қораның төріне
Ат қоранын түбіне
Ақ ит әкеп тымақты
Жұлқылады құлақты.
Өткен түні қорадан
Ат жоғалған түн екен.
Қазақ-орыс иесі
Атын іздеп жүр екен.
Тымақ тапты — кенелді,
Кеңсеге алып жөнелді.
Жаман тымақ бүрісіп,
Қүлақтары құрысып.
Шәрке, телпек серік боп
Жатты шкапта құнысып.
Арада ай күн, жыл өтті,
Кеңсе бір күн шу етті.
Шкап сарт-сұрт ашылды
Қағаз сау-сау шашылды.
Телпек тұрды уралап,
Шәрке шықты домалап.
Тымақ жатыр сығалап,
Әкетті бәрін арбалап.
Арбаң-арбан арбалар
Көшеден көше доңғалап.
Көше толған халыққа
Тымақ қарап таң қалар.
Бір мезгілде қараса
Түнеугі қазақ-орысты
Қуып кетіп барады.
Түнеугі долы тілмашы.
Бұғып кетіп барады
Жаман тымақ сол кезде
Жан біткендей ілезде
Бір құлағы селт етті,
Өзінен өзі селік етті.
Бір мезгілде қараса,
Өзін қағып түсірген,
Кедейдің құтын ұшырған,
Сар түймелі төрені
Кім көрінген желкелеп,
Ұрып кетіп барады.
Сонда тымақ желпінді,
Құлақтарын сілкінді,
Тамақты бір кенеп ап,
Білекті бір білеп ап:
«Мен — кешегі «Малақай»
Күнім туды алақай!
«Түй желкеге, түй» деді
Қорықпай қалай бүйдеді!?
Бір мезгілде қараса
Қасында отыр бір қазақ
Серкеш борбай, сым қазақ
Тымақты алды бұл қазақ.
Сол қазақпен селбесіп,
Арбасына мінгесіп,
Тымақ қайтты еліне
Туып өскен жеріне.
Жазғытұрым кезі екен,
Күн ызғырық жел екен:
Қалпақты қазақ бүрісіп,
Жақ жүндері үрпиіп.
Жылтайын деп құлақты,
Алып киді тымақты.
Қазақтың бойы жылынды:
Көзі ұйқыға ілінді.
Сонда тымақ ойлайды:
Мына бас пен мына шаш
Жайлы қоныс болса игі ед.
Анау шалбар тылтыйған
Мынау шапан қылтыйған
Сірә маған қонса игі ед... .
Қой, жөніме тартайын
Табанды жалтыратайын!..
Деді де, тымақ оңдалып,
Қос кұлағын қомданып,
Құс боп ұшып жөнелді.
Қара құстай қалықтап,
Ойдан қырға шарықтап.
Екі бауы салақтап
Елге жетті далақтап.
«Тымақ кепті даладан...
Ұшып кепті қаладан...»
Деген хабар дүңік етті,
Тымақ біткен күнік етті,
Шуылдасты, жиылды,
Алласына сыйынды.
Түлкі тымақ жылмандап,
Екі көзі қылмандап.
«Құтты болсын жолыныз!
Бізге қонақ болыныз.
Қызметке мен даяр,
Сайлауына ел даяр...»
Жаман тымақ: «Тек!» — деді
«Жолымнан аулақ кет!» — деді.
Сәлде тұрып шұлғыды,
Сәлем беріп мүлгіді
«Сізге бата бергелі,
Жүзінізді көргелі,
Алыс жерден кеп едік
Жетімжесір — нашардың
Кәріп пенен Қасардың
Біздер қамын жеп едік...»
Жаман тымақ: «Тек!» деді
«Айтпа бекер, кет!» — деді.
Күрек тымақ бас иіп
Ақ сақалы сапсиып
Бір жағынан сөйледі:
«Алыс жерден жол келген
Алты жасар балаға Алпыстағы шал келген...
Оң батамды берейін,
Өссін, балам мерейің!»
Жаман тымақ: «Тек!» — деді.
«Батанмен аулақ кет!» — деді.
Көнетоздау көк тымақ,
Қарны толған боқ тымақ.
Сөйлей алмай «пып» деді.
«Ы-ы-ы-ы-ық» деді.
Жаман тымақ шамданып:
«Ұр мынаны, ұр!» — деді.
«Жолдан былай тұр» — деді.
Боқша асынған бір тымақ,
Шоқша сақал, сұр тымақ.
Бір құлағын жымырып,
Бір тұрып, бір жығылып,
Қолы» соза беріп ед.



Пікірлер (1)

Амина

Ары қарай бар сияқтығой жалғасы
Толык нұскасы бар ма?

Пікір қалдырыңыз

Шернияз

  • 0
  • 0

Шернияздың шері бар,
Шерлі қалған елі бар,
Көзінде қанды селі бар,
Аузында зарлы желі, бар,

Толық

Неғып жатыр?

  • 0
  • 1

Түрленіп мынау заман ағып жатыр.
Жай өтпей һәркімге сын тағып жатыр,
Жайынан замананың хабардар ма?
Осы біздің қазақтар неғып жатыр

Толық

Отағасы

  • 0
  • 1

Балалар, аттаныңдар қас қарайлы.
Інірде ұры-өтірік баспалайды.
Күн болат, ай қараңғы, қасқыр қатты,
Көкшолақ канғып кетсе таспалайды.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар