Еңбекшілдер ұраны

Бұл бетте «Еңбекшілдер ұраны» атты Жүсіпбек Аймауытов жазған ерлік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.01.2016
  • 0
  • 0
  • 11856
Оян, қарғыс таңба басылған,
Жалаңаш аш құл қайрат қыл.
Қайнап бастан ақыл ашынған
Майданға қанды айдап тұр.
Қиратамыз ескі жалғанды,
Жаңа тұрмыс орнатамыз.
Жарылқаймыз жарлы, қалғанды
Дәулеттен сонда татамыз.

Кайырмасы:

Бұл болар ең ақырғы
Ең күшті зор майдан.
Дүние енбекшілімен
Табылар бар пайдаң.

Бостандықты бізге ешкім бермес,
Патша да, құдай да, батыр да, —
Бостандық бізге көктен келмес,
Аламыз күшпен ақырда.
Ал егер жоям десең кұлдықты,
Тамағым болсын десен тоқ.
Қорғанба, дүмпілдет көрікті
Темірді қызған кезде соқ.

Кайырмасы:

Бұл болар ең ақырғы,
Ең күшті зор майдан.
Дүние енбекшілімен
Табылар бар пайдаң.
Біздер бүкіл дүние жалшысы
Біз енбекшілер топтары.
Жерге қожа болу еркіміз,
Арамтамаққа жоқ бәрі.
Ал егер найзағай шартылдап,
Қаптаса жауыз дүниесін
Бізге де жарық күн жарқылдап,
Түсірер нұрлы сәулесін.

Қайырмасы:

Бұл болар ең ақырғы
Ең күшті зор майдан
Дүние еңбекшілімен
Табылар бар пайдан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еңбекшілдер ұраны өлеңінің авторы кім?

Жүсіпбек Аймауытов — осы өлеңнің авторы.

Еңбекшілдер ұраны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еңбекшілдер ұраны өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ерлік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Еңбекшілдер ұраны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері