Әже

Бұл бетте «Әже» атты Жарылқасын Аманұлы жазған әже туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Арда емген тайдай,
Бауырыңда бұла өстім де,
Анамды туған білмедім.
Аттанар шақта парызымды, әже, кештің бе,
Құшағынан ыстық дүниенің.
Жанардан мәңгі жарқ етіп сөніп,
Бар аймақ,
Жұлдызың ағып түскенше,
Жаттың ба, әже, келер деп мені қарайлап,
Ақырғы демің біткенше?
Елесін қуып іркес те-тіркес арманның,
Шалғайда шеру шектім де,
Сапарға соңғы шығарып сала алмадым,
Кешігіп, әже, жеттім де.
Көрсетем деген көремін деген алдыда,
Қуаныш қызық көп еді.
Кеппеген табы топырақ салып қабырға,
Немерең, әже, еңіреп енді келеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әже өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Әже өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әже өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әже туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әже өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері