Алаулап жанып жүрдім мен – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Алаулап жанып жүрдім мен» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Өтіпті жылдар, ұмыт та болған секілді,
Ең алғаш сені көргенім гүлдей шағыңда.
Қалқалап сонда алқызыл арай бетіңді,
Дірілдеп қана тұрып ең үнсіз жанымда.
Алқынды жүрек атылар жанартаудай-ақ,
Мен күйдім сенің, сен күйдің менің табыма.
Мұқаттың бірақ, қас дұшпан ата жаудай-ақ,
Қондың да бір күн басқаның бақша-бағына.
Ойлаумен сені ортайған көңіл толмады,
Жауқазын едім, жара сап кеттің жаныма.
Өтті ғой жылдар өкініш болып, өрт болып,
Күтпеген жерден кездесіп тұрсың тағы да
Айналып келсе бүлдіршін күндер, дариға-ай,
Қауызынан қайта жарылса,
Күтер ме ең мені, күтер ме ең мені мәңгілік,
Байланып бақсыз тағыңа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алаулап жанып жүрдім мен өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Алаулап жанып жүрдім мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алаулап жанып жүрдім мен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алаулап жанып жүрдім мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері