Тәрбиеші – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Тәрбиеші» атты Фариза Оңғарсынова жазған ұстаз туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Ән салғызып, билетіп,
Ылғи бізбен жүреді.
Тақпақты да үйретіп,
Ойната да біледі.

Қызық-қызық ертектер
Біздерге оқып береді.
Жылауық та, тентек те
Сол апайға көнеді.

Бастап бізді далаға,
Серуенге де шығады.
Біз шомылсақ жағада
Байқап өзі тұрады.

Кішкентаймыз әлі біз,
Үлкендерге сенеміз.
Бұл тәтені бәріміз
Сыйлап, жақсы көреміз.

Естіп кейде қаламын,
Тәрбиеші апайды
"Қамқоршысы баланың"
Деп ауылда атайды.


Пікірлер (4)

Зухра

Керемет

Жанар

Оңайлары барма шумағы көбірек керек өтініш

Каусар

Керемет

ZHANERKE

ӨТЕ КҮШТІ

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәрбиеші өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Тәрбиеші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тәрбиеші өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ұстаз туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тәрбиеші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері