Өлең, жыр, ақындар

Жанталасып мені шын ұмытсам деп жүрсің сен

  • 19.07.2016
  • 0
  • 2
  • 18555
Жанталасып мені шын ұмытсам деп
жүрсің сен,
басқа жанмен жүректі жылытсам деп
жүрсің сен.
Жек көрсем деп қалайда талай іске ұрындың,
ұмыттырса екен деп өзгелерге тығылдың.
Көрмеймін деп мен оны өзіңді өзің сендірдің,
кінәлайсың, сонда да көкірегіңде мен жүрмін.
Біреулерді жаныңмен сүйген болып жүрсең де,
мені жоқтап жүрегің қайғы шегіп тұр сенде.
Шығара алмай бейнемді көңіліңнен, аһ ұрдың,
көрмей алыс жүрсең де, тек мен саған жақынмын.
Кімменен жүр, қайда бар, қаншама азап
шек мейлің -
жүрегіңнен бәрібір мен ешқашан кетпеймін!


Пікірлер (2)

Асылзат

Керемет!!!

Парасат

Ух, бұл өлеңді оқып отырып жүрек бір сыздап кетті ғой . “Жанталасып мені шын ұмытсам деп жүрсің сен…” деген жолдар адам жанымен тіл табысқан махаббаттың қиындықтарын дәл жеткізеді екен. Сол секілді біреуді ұмытуға тырысу, бірақ іштей жүрегіңнен кетпей тұру – адамға ерекше әсер қалдырады. Фариза Оңғарсынованың сөзі осындай нәзік әрі өткір шыққан! ✨ Кейде шынайы сезімдерді сөзбен жеткізу оңай емес, ал бұл өлең дәл сондай… ❤️❤️❤️

Пікір қалдырыңыз

Иран-бақ жырлары

  • 0
  • 0

Ақындарға нәр берген,
ұлы рухтар қуат берген, әл берген
қасиетті топырағы Иранның
көрсем деп ем, арманды ем —

Толық

Бас аман, малың түгелде

  • 0
  • 0

Бас аман, малың түгелде,
хәл барда жұртты тірерге,
бірге ішіп, бірге күлерге,
алшаңдай басып жүрерге

Толық

Жалғыздық

  • 0
  • 0

Қайда, қайда сонау бір кезім менің;
жақсы көріп, дірілдеп көз ілгенім?
Селт етпеймін бұл күнде ештеңеге –
отқа өртеніп кеткен бе сезімдерім?

Толық