Бастар едім барлығын да қайтадан – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Бастар едім барлығын да қайтадан» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бастар едім барлығын да қайтадан,
Қалай, қалай өткен күнді қайтарам.
Сандалысты шарап ішіп шайқаған,
Сайтандықты гүлзар бақты жайпаған.
Енді кімге, енді кімге айта алам?
Онды-солды есе-есе ескекті,
Есім шығып, ақыл шіркін кеш кепті.
Өз қалауын жүрек сорлы шешпепті,
Төсенетін жамылыппын бөстекті,
Сонша неге, сонша менен ес кетті?
Амал бар ма, бәрін кештеу түсіндім,
Мархабаты алда болғай ісімнің.
Мақтан етіп шырайын да түсімнің,
Бірімін деп, құдіретті кісінің,
Неге сонша, неге сонша ісіндім?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бастар едім барлығын да қайтадан өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Бастар едім барлығын да қайтадан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бастар едім барлығын да қайтадан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бастар едім барлығын да қайтадан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері