Қыз өсіріп отырмыз, ұл өсіріп – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Қыз өсіріп отырмыз, ұл өсіріп» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қыз өсіріп отырмыз, ұл өсіріп,
Жібек баудай бәрі де тұр есіліп.
Мен ақын да, сен қазір батыр ана,
Көңілімізді бұл бақыт жүр өсіріп.
Алтын жұлдыз кеудеңде тұрса сенің,
Жүрегімнен тұр менің жыр есіліп.
Күнде базар кішкене баспанамыз,
Уайым жоқ дейтұғын аш қаламыз.
Қонақ келді-береке, дастарқан жай,
Қонақсыз да қазанға ас саламыз.
Құс жастықты қонаққа,
Ал өзіміз
Азар болса, бір шапан жастанамыз.
Шыта көрме ешқашан қабағынды,
Дастарқанға қоса қой шарабыңды.
Болмашыдан өрт шығып қанша жанның,
Дүниеде жүрегі нала-мұңлы.
Аялдайтын адасқан жолаушылар,
Жоқпыз ба біз жолдағы қара ғұрлы.
Бағып отыр балалар қас-қабақты,
Кәмпеттерге шабуыл бастамақшы.
Жасқамашы жанының жапырағын,
Мені де әкем жасымда жасқамапты.
Жетеді ғой, жомарттар жоқтықта да,
Бар деген сөз аузынан тастамапты.
Табылады, бәрі де табылады,
Табылмас та табылар бағыңа әлі.
Менің көңілім қонақсыз – шөлді дала,
Шөлді дала қалай гүл жамылады.
Шөлге жаңбыр, ал маған қонақ керек,
Қонақ неге үйімнен арылады?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз өсіріп отырмыз, ұл өсіріп өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Қыз өсіріп отырмыз, ұл өсіріп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз өсіріп отырмыз, ұл өсіріп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз өсіріп отырмыз, ұл өсіріп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері