Бүгінгі хал – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Бүгінгі хал» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 585
Қатал қыстағы
Алатаудың шыңдарын
Қатпар-қатпар
Мұз басқандай,
Менің де жанымды
Құрсаулап мұз басуда;
Балқаш көлімнің
Бүкіл денесін
Тұз басып бара жатқандай
Менің де
Буын-буынымды
Тұз басуда.
(Арман, Үміт
Дәл қазір—
Қауіпті құз басында.)
Сексеуіл,жыңғылы
Қырқылған даланы
Құм басқандай,
Бүйрек пен бауырдың
Қуыс-қуысын толтырып
Құм басуда.
Құрғақшылық пен өртке
Шарпылған орманды
Мұң басқандай,
Ойымды мұң басуда.
(Қол ұшын берер деп
Қоғамға қарап ем—
Қоғамым—
Құтырған бурадай!—
Жын шашуда.)
Жүдеу Каспийім,
Жадау Аралым...
Мұндай хал-күйде
Қалай мен
Жарқырап жанамын...
Бірақ та
Жоқ қой амалым.
... Мен қазір
Қайран табиғат құсап
Кеуіп, қансырап,
Тарылып,
Тартылып барамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүгінгі хал өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Бүгінгі хал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бүгінгі хал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бүгінгі хал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері