Жол табу

Бұл бетте «Жол табу» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 769
Iшiн құрт жеп дәнсiз қалған жаңғақтай,
салмағы жоқ желдi күнгi қаңбақтай, –
қиындықтың шырмауынан шығарар
отырасың кейбiр кезде жол таппай.
Жалтақтайсың әр бiр соқпақ, әр iзге.
қалғандайсың меңреу тылсым теңiзде.
Төтесiнен ап баратын мақсатқа
отырасың кейбiр кезде жол iздеп.
Көнбейтұғын айла менен амалға
тұрғандайсың темiр құрсау қамалда.
Адамдардың жүрегiне ап барар
жол iздейдi
ой,
сезiмiң,
санаң да!
Еш нәрсе де қайтара алмас есесiн
ондай кезде қанша азап, сор кешесiң.
Ондай кезде жаныңды жеп, шарқ ұрып
өзiңдi өзiң ақтарасың, кезесiң.
Сөнiп бара жатар жалын,
алау да.
Бас айналар жан-жағыңа қарауға:
бiр жағың – шың,
түпсiз шыңырау – бiр жағың.
Қалғандайсың мәңгiлiк сен қамауда.
Ақырында ой тауып ап бiр асыл,
мақтаныштан масаттанып тұрасың:
шатқалына жарқыратып көпiр сап,
шың астынан туннель қазып шығасың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жол табу өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жол табу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жол табу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жол табу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері