Айдаудағы арыстар

Бұл бетте «Айдаудағы арыстар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 769
Елiне теңдiк сұраған
Арыстарымның
Мойнына бұғау түсiп,
Аяқ-қолдары
Матап байланды.
Жат ел, жат өлкеге –
Iбiр-сiбiрге, –
Одан да әрiге
Малша айдалды.
Төбедей арыстарым
Бiр уыс болып,
Түймедей түйiлiп қалды.
Тiлерсектерi қанжоса боп –
Көк мұзға!
Қиылып қалды.
Оппа қардан
Омыраулап шыға алмай
Құлап жатты.
Тастардай шашылып
Сұлап жатты.
Арып, ашыды.
Биттеп құрттады.
Зәр iшiп,
Запыран ұрттады.
Азап пен қорлықтың
Бәрiн көрдi.
Сонда да
Ұйықтаса – түсiнде,
Оянса – есiнде
Елiн көрдi.
Елiнiң жерiн көрдi.
Иiлген шөптей болып
Бүгiлiп тұрса да,
Терiлерi
Сүйегiне жабысып,
Жiптей жiңiшке сiңiрлерi –
Үзiлiп кетердей! –
Iлiнiп тұрса да –
Елiн ойлап егiлдi,
Жерiн ойлап сөгiлдi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айдаудағы арыстар өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Айдаудағы арыстар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айдаудағы арыстар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айдаудағы арыстар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері