Кетпейсің ұшып сен неге – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Кетпейсің ұшып сен неге» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2016
  • 0
  • 0
  • 7311
Кетпейсің ұшып сен неге,
жүрегім - жалғыз құс-бағым?
Қамалап қойып кеудеме,
қанша жыл сені ұстадым.
Көңіліңді бекер сергітпе,
көкірегім менің мыс құбыр.
Керімсал дала-кеңдікке
кеудеңді керіп шықшы бір!
Сенемін сендік қуатқа,
басымнан өткен ғұмыр-ды ол:
жылағандарды жұбат та,
жабырқағанға жылу бол
Жүректерінде арманды үн
(ғұмыр жоқ мәнсіз күлкіде),
ойлы да мұңды жандардың
кеуделеріне бір түне.
Ортақтас - бұған не жетсін -
қасіретті көңіл, ойына.
Ұмыта алмасын сені ешкім
сонан соң өмір бойына.
Шөлдегендерге нәр беріп,
дерттінің тапқын бір емін.
Қалса да мені шаң көміп,
жылуымды сен шаш, жүрегім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кетпейсің ұшып сен неге өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Кетпейсің ұшып сен неге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кетпейсің ұшып сен неге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кетпейсің ұшып сен неге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар