Сезім қайда, Құдай-ау, лапылдаған – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Сезім қайда, Құдай-ау, лапылдаған» атты Жарылқасын Аманұлы жазған діни тақырыптағы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Сезім қайда, Құдай-ау лапылдаған,
Жанып кете жаздайтын жақындаған.
Ой да салқын бұл күнде, бой да салқын,
Жүректі аяз қариды сақылдаған.
Өмір бойы жалындап өтем деп ем,
Салқындықтан сескендім төтен келген.
Қайда ұшып кетті екен аққу, қазым,
Айдынымды аймалап мекендеген.
Осы ма еді, жалған-ау, жалғандығың,
Жылыта ма жанымды қалған күнің?
Қандай екен сыбағаң алдымдағы,
Бәріне де өткеннің армандымын.
Қайта оралтсаң бал-дәурен базарыңа,
Тарқар ма едің тойдырып ажарыңа?
Күңірентіп қобыздай қойдың тағы,
Бұған менің жүрегім жазалы ма?
Сүйе білген жүрегім, күйе білген,
Жүрек қылын айырма тиегінен?
Сүтпен сіңген сүйекке қайран өлең,
Сүйемелдеп келеді иегімнен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сезім қайда, Құдай-ау, лапылдаған өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Сезім қайда, Құдай-ау, лапылдаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сезім қайда, Құдай-ау, лапылдаған өлеңі не туралы?

Бұл шығарма діни тақырыптағы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сезім қайда, Құдай-ау, лапылдаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері